АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қытайлық қызбен түскен суретін жариялады. Суретті көрген тыңдармандар әншіні қызғанып қалғандарын жасырмады. Арасында бақыт тілегендер де жетерлік.
Бірнеше сағат бұрын Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына қалыңдығымен түскен суретін салды. Аталған суретті көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің үйленетін уақыты келгенін айтса, екіншілері бұған қарсы. Себебі, кейінгі желі қолданушылары Димаштың талантын ғана емес, өзін де ер азамат ретінде ерекше жақсы көреді екен.
"Уақыт келді. Үйлену керек", "Қазақ жігіттері не болып кеттіңдер?!", "Жаным сол, аман болшы", "Үйленетінің рас па?", "Сенен әдемі күйеу жігіт шығады екен", "Қытай қыздары сондай әдемі", "Адамдар, мұнда ойларыңа келгендеріңді жаза бермеңдерші. Бұл саундтрек немесе бейнебаян кезінде түсірілген сурет", "Нелерің бар, өзі біледі. Қаласа қытай қызына үйленеді. Қазақстанда жүргенде Димашты біреу бағалағандай. Сол Қытайдың арқасында бүкіл әлем Димашты білді", "Мен сені қатты қызғанып жатырмын. Суретті өшірші" деп жазды желі қолданушылары.