Оқиға

Жүк көлігі бір отар қойды басып кетті: 100-ге жуығы өлді

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуҚойлар мен қозылар
Қойлар мен қозылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Шопан 500 қойды жазғы жайылымнан айдап әкеле жатқанда, оларға жүк көлігі соғылған

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстанның Нарын облысында жүк көлігі бір отар қойды басып кетті. Оқиға жұмадан сенбіге қараған түні болған. Салдарынан 97 қой өлді, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан өңірлік ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.

Сиырлар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті – жантүршігерлік видео

Шопан 500 қойды Ат-Баши ауданындағы Арпа жазғы жайылымынан айдап әкеле жатқан. Жолдан өтер кезде бір отар қойды қатты жылдамдықпен жүйіткіген жүк көлігі басып кеткен.
Қойшы жүргізушінің үстінен арыз жазды. Құқық қорғаушылар сараптама жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары шопандарға түнгі уақытта көлік жүретін жолдармен мал айдау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін үнемі ескертіп отырады. Бақташылар жарық шағылыстыратын жилет киіп, малдың жүргізушілерге көрінуін қадағалауы тиіс екен.

Жаңалықтар
0