Қоғам

Депутат Әйтімова зейнетақысы қанша екенін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновСенат депутаты Бірғаным Әйтімова
Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенатор зейнетақым 100 мың теңгеден сәл ғана асады деп отыр

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова БАҚ өкілдеріне қанша зейнетақы алатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

"Таңғаларлығы, менің зейнетақым мемлекеттік қызметтте бір күн де істемеген достарымның зейнетақысымен бірдей. Біраз қызмет атқарғаныма қарамастан, зейнетақым 100 мың теңгеден сәл ғана асады. Мен зейнеткермін, менің зейнетақым бұрын гаражды басқарған адамның зейнетақысымен бірдей. Яғни бізде сот корпустары, әскери адамдар және құқық қорғаушылардан басқа, эксклюзивті зейнетақы жоқ", — деді Әйтімова сенатта БЖЗҚ басшылығымен өткен кездесуден кейін. 

Осы орайда журналистер жуырда ғана Елбасының жарлығымен зейнетке шыққан ҚР президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековтің зейнетақысы қанша деп сұрады. 

"Менікінен көп екеніне күмәнім бар. Егер тек оның қорғаныс министрі болғанын ескермесек", — деп күлді сенатор. 

Бүгін Сенатта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне байланысты өткен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова елдегі орташа зейнетақының мөлшері туралы айтқан болатын. 

"Бізде қазір екі миллионнан астам зейнеткер бар. Бүгінгі таңда орташа зейнетақы базалық зейнетақыны қоса есептегенде, 81 мың теңгені құрайды. Ал жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алғанда, 115 мың теңгеден асады. Ең жоғарғы зейнетақы 126 мың теңгеге дейін жетеді", — деді Жақыпова.


Жаңалықтар
0