Қоғам

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, жел күшейеді

CC0 / Pexels / Көшеде жаңбыр жауып, адам жалаңаяқ жүр
Көшеде жаңбыр жауып, адам жалаңаяқ жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 18-20 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте күн жылы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазгидрометке сілтеме жасап.

Меккедегі дауыл - Sputnik Қазақстан
Видео
Меккеде қатты дауыл тұрды - видео

"Республиканың басым аумағындағы ауа райына әсер еткен антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығыса бастады. Оның орнына Ресейдің Еуропа бөлігінен циклон және онымен байланысты атмосфералық ағымдардың екі жүйесі ауысады", — делінген хабарламада.

Батыс облыстарда найзағай ойнап, екпінді жел соғады, жаңбыр жауады. Циклон мен ауа ағымдары шығысқа жылжуына қарай Қазақстанның басқа өңірлерінде де жауын болжанып отыр.

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, сынап бағанасы көтеріледі. Қалған аумақтарда да алдағы үш тәулікте күн жылы болады, тек батыста температура төмендейді.

Жаңалықтар
0