Қоғам

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. "Қазгидромет" 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Меккедегі дауыл - Sputnik Қазақстан
Видео
Меккеде қатты дауыл тұрды - видео

Бүгін антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік, батыс және шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарында күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел соғады. Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. 

Сонымен қатар, түнде Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді. Қостанайда түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Жаңалықтар
0