АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында "Эйр Астана" ұшағының қозғалтқышы жанып кетті, деп хабарлады Sputnik аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылдың 15 қыркүйегінде "Эйр Астана" компаниясының Airbus А320 ұшағының сол жақ қозғалтқышы жанып кетті. Аталған ұшақ "Атырау-Астана" бағытындағы КС 982 рейсін орындамақ болған.
"Әуежай өрт сөндірушілері отты өшіріп үлгерді. Бортта 91 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған", — делінген хабарламада.
Ресми мәліметтерге сәйкес, оқыс жағдайдан зиян шеккендер жоқ. Дәл қазір инженерлік компания оқыс жағдайдың себебін анықтап жатыр. Кейін қорытындыға сәйкес арнайы тексеріс жұмыстары жүреді.