Әлем

Сақалды полицейлер жұмыстан шығарылады

© Sputnik / Файед Эль-Гезири / Медиабанкке өтуМысыр полицейі
Мысыр полицейі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мысыр соты сақал қоятын полицейлерді қызметтен шеттетуді қолдады

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Каирде сақал қоятын полиция офицерлері сот шешімімен жұмыстан қуылады, деп хабарлады РИА Новости "Аль-Ахрам" газетіне сілтеме жасап.

Сақалды ер адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресейдің бас мүфтиі: сақал әдемі болуы керек

Мысыр заңына сәйкес, тәртіп сақшылары сақал мен шаш өсіріп, өзінің діни сенімін жұртқа жария қылмауы тиіс.   

2012 жылы Мысырда билік исламшылдардың қолына өткеннен кейін сақал қоятын полицейлер сот арқылы діни сенімінен бас тартпауға мүмкіндік алған еді. 

Дегенмен енді Ішкі істер министрлігі басшылығын сақал қойғаны үшін жұмыстан қуылған полиция офицерлерін қызметіне қайтарып, бұрынға шендерін қалпына келтіруге міндеттеген әкімшілік соттың шешімі күшін жойды.   

Жаңалықтар
0