Әлем

Дәрігерлер адамның миынан құрт алып шықты

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрт адам ағзасынан шығарылғаннан кейін де тіршілік етуін жалғастырып, шыны түтікте жүзген

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек — Sputnik. Қытайдың Наньчан қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы эпилепсия талмасынан зардап шеккен. Дәрігерлер оның себебін таба алмаған.

Ота - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты

26 жастағы ер адам Цзянсу провинциясындағы орталық ауруханаға жіберілді. Талдау қорытындысы бойынша жігіттің ағзасында Spirometra mansoni құрты өмір сүретіні белгілі болды, деп хабарлады South China Morning Post.  

Дәрігерлер құрт науқастың миында екенін анықтады. Паразитті ота арқылы шығаруға шешім қабылданды. Хирургтер адамның басынан құртты шығарғаннан кейін паразит өмір сүруін жалғастырып, шыны түтікте жүзген.

Дәрігерлердің болжауынша, жігіттің қанында шала қуырылған етті жегеннен кейін құрттың жұмыртқасы пайда болған. Айтпақшы, бұл оның сүйіп жейтін асы екен. Осылайша, жұмыртқа немесе дернәсіл ішек қабырғасы арқылы қанағымына еніп, алдымен бауырға түседі, содан кейін барлық ағзаға таралған. 


Жаңалықтар
0