Экономика

Мемлекеттік органдарды Түркістанға көшіруге 2,4 млрд теңге жұмсалмақ

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКТүркістан облысы әкімдігінің ғимараты
Түркістан облысы әкімдігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін мәжілісте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы таныстырылды

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен өңірлерге 2,6 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды

Шолпанқұлов 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне жұмсалатын шығындар қарастырылғанын атап өтті. 

"Шымкентке бюджетпен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру үшін қосымша 1,2 миллиард теңге және Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Түркістан қаласына көшіруге 2,4 миллиард теңге көзделген. Жалпы 2019 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен өңірлерге 2,6 триллион теңге бөлінеді. Бұл бюджеттің жалпы шығысының 24 процентке жуығын құрайды", — деді ол мәжілісте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстыру барысында. 

Айта кетсек, 2019 жылы республикалық бюджетке 9,7 триллион теңге түсім түседі деп жоспарланып отыр, шығыс 10,6 триллион теңгені құрамақ. Тапшылық – 945,4 миллиард теңге немесе ЖІӨ-нің 1,5%.


Жаңалықтар
0