АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Танымал үнді профессоры Рита Джитендра (Rita Jitendra) тікелей эфирде сұхбат беріп отырғанда көз жұмды.
81 жастағы қарт әйел телеарнаның тұрақты қонағы екен, дүйсенбі күні таңғы бағдарламада өмірінің елеулі сәттерін еске алып отырғанда, аяқ асты тынысы тарыла бастайды.
Renowned J&K writer & activist Rita Jitendra had died of cardiac arrest while narrating her journey on a live TV show, leaving her friends and admirers in shock. She was rushed to SMHS Hospital where she was declared brought dead. Her body was flown to Jammu for last rites. pic.twitter.com/fpaScaff57
— Kashmir Focus (@KashmirFocus) 11 сентября 2018 г.
Арада бірнеше минут өткенде оқиға орнына шұғыл келіп жеткен дәрігерлер профессордың дүние салғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, Рита Джитендраның жүрегі тоқтап қалған. Жүргізушінің айтуынша, сұхбат алдында әйел адам өзін жақсы сезінген, деп хабарлайды inquisitr.com.