Қоғам

Пәтерін заңсыз жалға бергендер 2 миллион айыппұл төледі

© Sputnik10 мың теңге
10 мың теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы күнге дейін пәтерін заңсыз жалға беріп отырған 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Бүгінде Қазақстан бойынша салықтан жалтарып отырған азаматтарға жалпы 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғаны белгілі болды. Ал заң бұзу жағынан Алматы қаласы бірінші орында келеді. Бұл туралы толығырақ ҚР ҚММ МКК салықтық әкімшілендіру департаменті камералдық мониторинг басқармасының бас сарапшысы Күләш Искакова Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде "Тұрғын үйді заңсыз жалға беру" тақырыбында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үйдің кілті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда пәтерді заңсыз жалға беретіндердің басына қара бұлт үйірілді

Маман, алдымен, елімізде осы мәселеге қатысты қанша азаматтың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына тоқталды.

"Бүгінгі таңда пәтерін заңсыз жалға беріп отырған 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алғашында ауызша ескерту айтылды, кейін белгілі бір мөлшерде айыппұл салынды. Соңғы жүргізген есеп бойынша, Қазақстандағы пәтер иелеріне 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған екен", — деді Күләш Искакова.

Аймақтар бойынша, Алматы мен Астана қалалары пәтерді жалға беру мен салықтан жалтару мәселесінде көш бастап тұр. Бұдан кейінгі орындарға рейтинг бойынша, Ақмола және Ақтөбе облыстары жайғасқан.

"Бұл мәліметтердің барлығы фактіге сәйкес айтылып жатыр. Заң бұзу жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр. Аталған аймақта 1 127 азаматтың пәтерлерін заңсыз жалға беріп отырғандарын анықтадық. Сондай-ақ, Астана қаласында 1 149 азаматтың дәл осылай салықтан жалтарып отырғаны белгілі болды. Әрине, заңды бұзбауға тырысатын азаматтарымыздың да жетерлік екенін атап өтуіміз қажет", — деді сарапшы.

Сондай-ақ, Күләш Искакова бір азаматтың жүзден аса пәтерді жалға беруіне құқығы бар екенін айтып өтті. Тек тиісті салықты төлеп отырса болғаны.

"Заң бойынша бірнеше пәтерді жалға беруге тыйым салынбаған. Мысалы, жеке кәсіпкердің бір басында 30-40 дүкені бар болуы мүмкін. Тіпті, басыңызда 200 пәтер болса да, оның барлығын жалға бере аласыз. Бастысы салық кодексіне қарама-қайшы әрекеттер жасамасаңыз жеткілікті", — деп қорытты маман.

Сондай-ақ, ол пәтерін заңсыз жалға беріп отырған азаматтарға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын айтып өтті. Бұл дегеніңіз — 36 075 теңге.

Жаңалықтар
0