Әлем

Депутат бес жыл той өткізуге тыйым салуды ұсынды

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өту"Туған Жер" қазақ мәдениеті мерекесі
Туған Жер қазақ мәдениеті мерекесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстанда жыл басынан бері мемлекет есебінен 105 той өткізілген. Депутат бюджет қаражатын шығындауды тоқтатуды ұсынды

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты Ақылбек Жаманқұлов елде той өткізуге бес жылдық мораторий енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

өрт сөндірушілер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда той өтіп жатқан мейрамханада өрт шықты - видео

Депутат бұл бастамасын парламент отырысында ұсынды. Оның мәлімдеуінше, биыл жылдың басынан бері мемлекет есебінен 105 той өткізілген. 

"Бұл не? Әр тойға 2 миллионға жуық сом жұмсалады. Өздеріңіз есептей беріңіздер: Балықшының 120 жылдығы, Нарынның 150 жылдығы, Қызыл-Кидің 120 жылдығы, Созақтың 100 жылдығы, Базар-Қорғанның 100 жылдығы, Лейлекьің 90 жылдығы және тағы басқа да тойлар. Мұның барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады", — деді депутат. 

Жаманқұлов парламенттегі үкімет өкілінен бұл мәселе жөнінде премьер-министрмен сөйлесіп, той өткізуге мораторий енгізуді сұрады.

Депутат тек мемлекет есебінен өткізілетін тойларды айтып отырғанын нақтылап өтті. 

Жаңалықтар
0