Қоғам

Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

CC0 / werner22brigitte / Аяз бен жапырақ, ауа райы, үсік
Аяз бен жапырақ, ауа райы, үсік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, үсік жүреді

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. "Қазгидромет" РМК еліміздің жеті өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Меккедегі дауыл - Sputnik Қазақстан
Видео
Меккеде қатты дауыл тұрды - видео

Синоптиктердің болжамынша, 13 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде 1 градус, ал Талдықорған қаласында 1-3 градус үсік жүреді.

13-14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында 2 градус үсік жүреді, тұман түседі. Тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Таразда 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Сондай-ақ, 13-15 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с дейін баруы ықтимал.

Күндіз 13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады. Ал Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады деп болжануда.

Жаңалықтар
0