АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Елімізде жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар мен анықтама әдебиеттер 6,4% қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы бойынша оқулық пен анықтама құралдар орташа есеппен 1,3 мың теңгеге қымбаттады. 2018/19 оқу жылы қарсаңында қазақстандық ата-аналар 3-6 және 8-сынып оқушыларына арнап 12 миллион оқулық сатып алды. ҚР білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұл сыныптарда барлығы 906 мың оқушы білім алып жатыр.
Республика бойынша басылымдар шығарған 98,2% кітаптың 92,5%-і аймақтарға жеткізілді. Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шымкент облыстары оқушыларды 100 оқулықпен қамтамасыз етті. Ал өзге аймақтарға оқулық жеткізу мәселесінде қиындықтар туындап отыр. Осы себепке байланысты Ақмола облысының 6, Қостанайдың 3, Шығыс Қазақстанның 2, Қызылорда облысының 1 ауданы оқулықты алып келу мәселесін өздері реттеді. Сондай-ақ, Қостанай облысының Наурызым ауданы "Қазпоштамен" оқулық тасымалына қатысты келісім жасасты. Оқулықтардың электронды нұсқаларын QR-код арқылы қашықтықтан жүктеуге болады.
Мемлекет ішінде басылым қызметінің көлемі бір жыл ішінде 4,6% өсті. Бірінші жартыжылдықта басылым қызметі 20,7 миллард теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6% көп. Қызметтің үштен екі бөлігін Алматы және Астана қаласының басылымдары жүзеге асырды.
Мектеп оқулығына қатысты тағы да шу көтерілді
Басылымдар газет-журналдар (40,1%), кітаптар (9,7%) және т.б.-ларын (11,6%) басып шығарды. Тамыз айының қорытындысы бойынша, газеттердің орташа бағасы 99 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2% қымбат.
Апта сайынғы газеттер тамыз айының қорытындысы бойынша орташа есеппен 99 теңгеге сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2% қымбат.