Әлем

Хиджаб кигендерді жақтап, президентке жолдау жасаған имам жұмыстан қуылды

© Sputnik / Тимур БатыршинМешіт күмбезі, архивтегі сурет
Мешіт күмбезі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ташкентте Мирзияевқа видео-жолдау арнаған имам жұмыстан шығарылды

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Ташкенттің Юнусабад ауданындағы "Омина" мешітінің имамы Фазлиддин Парпиев қызметінен босатылды. Ол бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа видеоүндеу жолдаған еді. 

Хиджаб киген қыз, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мектепке хиджаб киюге қатысты Конституция не дейді? Белгілі заңгер жауап берді

Мұсылмандар діни басқармасының үкімінде имам Парпиев қызметтен Этика комитетінің шешімімен алынғаны айтылған. Әлеуметтік желіде тараған бұл үкім 8 қыркүйекте қабылданған, деп жазды centralasian.org.

Еске салайық, өткен аптада жұма намазы кезіндегі уағызда имам Парпиев сақал қойған ер азаматтарға, хиджаб киген әйелдерге қысым жасайтын құқық қорғау қызметкерлерін сынаған. Бұның алдында ол президентке видеоүндеу жариялаған.

Одан соң имам ӨМДБ өкілдері өзіне қысым көрсете бастағанын мәлімдеген.

Фазлиддин Парпиев Ташкенттегі "Омина" мешітіне бір ай бұрын имам болып сайланған.


Жаңалықтар
0