Спорт

Амир Хан Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім нокаутқа түсетінін біледі

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ханның болжауынша, Головкин Альваресті соңғы раундтарда нокаутқа түсіреді

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Танымал британиялық экс-әлем чемпионы Амир Хан (33-4, 20 КО) 15 қыркүйекке жоспарланған Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы реванш нокаутпен аяқталады деп есептейді. 

Ханның болжауынша, WBC/WBA Super чемпионы Головкин Альваресті соңғы раундтарда нокаутқа түсіреді.

Бой Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин-Альварес жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

"Білесіз бе, допингпен ұсталған боксшы ешқашан бұрынғы бабына келмейді. Ең алдымен моральдық тұрғыдан жапа шегеді. Ол әлгі препаратты тұтынбаған кезде өзіне бұрынғыдай сенімді болмайды. "Онсыз қалай жұдырықтасамын? Жеңе аламын ба?" деген ойлар мазалайды. Бұл оны құрдымға кетіреді. Допингті әдейілеп қолданды деп кесіп айта алмаймын, алайда екі рет ұсталды, екеуінде де бір препарат табылды. Осының өзі біраз нәрседен хабар беріп тұр.  

Көпшілік Головкинмен алғашқы жекпе-жек қарсаңында Альварес қарымды көрінді дейді. Сондықтан не болатынын көреміз. Егер ол шынымен де кленбутеролды қолданған болса, ал реваншта таза жекпе-жек өткізсе, онда Головкин Альваресті соңғы раундтарда нокаутқа түсіреді деп болжаймын", — деп Sports.kz Амир Ханның сөзінен үзінді келтірді.   

Айта кетейік, қазақстандық жанкүйерлер бұл кездесуді 16 қыркүйек күні сағат 08:00 мен 08:30 арасында тамашалайды. 


Жаңалықтар
0