Әлем

Туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам итінің арқасында ақталып шықты

CC0 / Snap_it / Лабрадор
Лабрадор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз бала туған әкесіне жала жауып, ер адам өмір бойына соттала жаздаған

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. АҚШ тұрғыны Джош Хорнер кәмелеттік жасқа толмаған туған қызын зорлады деген айыппен 50 жылға сотталған еді, алайда күтпеген жерден шыққан айғақтардың арқасында ақталып шықты, деп хабарлайды Oregon Innocence Project қоғамдық ұйымы.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Туған қыздарын зорлаған: әкесін өлтірген апалы-сіңлілердің анасы сұхбат берді

Үкім шыққан соң алты айдан кейін 45 жастағы ер адам құқық қорғаушыларға қайта арызданды. Ол туған қызын зорлағаны үшін айыпты деп танылған еді, айғақ ретінде қызының сөзі ғана ескерілген. Қылмыстың ешқандай белгісі, ДНҚ-сараптамалар, тіпті куәгерлер де болмаған.

Ауыр айыбына қарамастан, ұйым сарапшылары ер адамға көмектесуге бел буады.

Тоғыз айға созылған істі жаңадан тергеген кезде қыз баланың бұрын анасын зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптағаны белгілі болды, бірақ ол кезде деректер расталмапты.

Бірақ оқиғаны айқындауға негізгі үлес қосқан үй жануары – Люси есімде қара лабрадор болды. Қыз баланың айтуынша, әкесі итті көз алдында атып тастаған. Алайда жуырда Люси аман-есен табылыпты. Соның арқасында қыздың әкесіне жала жапқаны белгілі болды.

жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсеткен бозбала ақталды

Қосымша деректер белгілі болған соң, округтік прокурор сотталған ер адамды жақтап, оны ақтап шығуды сұрады.

Қыз сіңлісінің телефонын тығамын деп ажал құшты

Ал бостандыққа шыққан Джош Хорнердің қуанышы қойнына сыймай, өзіне жәрдемдескендердің бәріне алғысын жаудырған.

"Әйелім Келли екеуіміз өмірімізді қайта бастаймыз", — дейді Хорнер.

Жаңалықтар
0