Қоғам

Сабильянов ақшаны семейліктердің есебінен үнемдеген шенеуніктерге шүйлікті

© Photo : Официальный аккаунт мажилиса парламента РК в FacebookМәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сабильянов Семейдегі ядролық жарылыстан зардап шеккендердің әлі күнге дейін жол азабын көріп отырғанын айтып ашынды

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов автожолдарды жөндеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру жүйесінде ашықтық жоқ екенін мәлімдеді. 

Мәжілістегі үкімет сағатында депутат кейбір жобалардың 2018 жылы қаржыландырылуы тиіс тізімнен алынып тасталғанын айтты. 

Телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Божко вице-министрге: "супер керемет" жолдарда "супер" байланыс қашан болады?

"2018 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарау кезінде республикалық бюджет комиссиясы мен депутаттар қолдаған автожолдарды жөндеу туралы жобалар кейіннен белгісіз себептермен қажетті тізімнен алынып тасталған. Мысалы, "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" республикалық маңызы бар автожолдың Баршатас ауылына жақын 15 шақырымын орташа жөндеу, "Семей-Қайнар" республикалық маңызы бар жолдың 38 шақырымын орташа жөндеу жөніндегі жобалар биыл қаржыландырылуы тиіс еді. Алайда республикалық бюджет қабылданғаннан кейін, белгісіз себептермен тізімнен алынған. Сонда Семей ядролық полигонынан зардап шеккен осы елді мекендердің тұрғындары енді тағы қанша жыл жолдың қиындығын көрмек? Олардың алдында кім жауап береді? Неге ақшаны ядролық жарылыс зардабын тартқан азаматтардың есебінен үнемдеу керек? Бар-жоғы бір миллиард теңге тұрады", — деп ашынды Сабильянов. 

Депутат аталған мәселені жақын арада шешуді сұрады.

Жаңалықтар
0