Өңірлер

Ақтөбеде жылқы іздеуге шыққан алты адам жоғалып кетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКүн батты
Күн батты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Ер адамдар 1 қыркүйектен бастап туыстарымен байланысқа шықпаған

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбеде жылқы іздеуге шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған алты адам табылды. 

Бала, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-да төрт күн бойы далада түнеген 5 жасар бала табылды

Ағайынды Мейіржан мен Мейірхан Қарақовтар туысы Әлімжан Есбосынмен және оның үш танысымен бірге Шалқардан Ырғыз ауданына қарай жоқ іздеп кетіп, 1 қыркүйектен бастап байланысқа шықпаған. 

"Олар аман-есен екен. Үйге қайтып келе жатқандарын естідік. Олардың көлігі бұзылып қалған сияқты, оны жөндеген. Байланыс болмаған", — деп хабарлады  Sputnik-ке жоғалып кеткендердің туыстары.

Ақтөбе ІІД-нің қызметкерлері ер адамдар Қызылорда облысының Арал ауданынан табылғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері жоғалғандар "Қазавиаспас" тікұшағы арқылы іздестірілгенін айтады.

Бірінші қыркүйек күні алты ер адам Шалқардан Ырғыз ауданына қарай жылқы іздеуге шыққан. Олар өздерімен бірге бензин, азық-түлік қорын, төсек-орын, мотоцикл алып кеткен, он күннен кейін оралатынын айтқан екен. 


Жаңалықтар
0