Видео

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды – жабылу салтанатынан видео

Жазылу
Yandex newsTelegram
Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Шолпан-Ата қаласындағы ипподромда жарыстың жабылу салтанаты өтті.

Келесі көшпенділер ойыны Түркияда өтеді. Жарыстың жабылу салтанатында эстафета тізгіні Түркияның мәдениет және спорт министрі Хамза Ерликаяға берілді. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - 2018 - Sputnik Қазақстан
Фото
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында: 12 айшықты фото

Ресми бөлімнен кейін ипподромда отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен концерт өтті. Сахнада "Корни" тобы, әнші Рэй Хортон, "Шыңғысхан" неміс тобы, Өзбекстан мен Қазақстанның әншілері өнер көрсетті. 

III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Шолпан-Атада2-8 қыркүйек аралығында ұйымдастырылды. Бағдарламаға 37спорт түрі енгізілді. Ұйымдастырушылар 103 елдің спортшыларын шақырған, бірақ 74 мемлекеттен 1 976 қатысушы келді. 

Қазақстан медаль саны бойынша екінші орын алды. Бірінші орында – Қырғызстан, үшінші орын Ресейдің спортшыларына бұйырды. 

Жаңалықтар
0