Әлем

Ғалымдар бір жарым миллиард адам неден өлетінін айтты

© Photo : CC0 / StartupStockPhotosҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше ондаған жылдан кейін физикалық белсенділіктің болмауынан өлетін адамдардың саны 1,4-1,5 миллиардқа жетуі мүмкін

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баяндама жасап, алдағы уақытта жаттығу жасамайтын және спортзалға бармайтын адамдар көптеп қайтыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді.  

Қол - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті – ғалымдар

"Әлемдегі әйелдердің 32% —ы және ерлердің 23%-ы ағзаға қажетті физикалық белсенділіктің оннан бір бөлігін де алмайды", — деп жазды Science Alert.

Зерттеушілер жүріс-тұрысы аз өмір салты көптеген созылмалы аурудың асқынуына себеп болып, бактериялар мен вирустық инфекцияларды күшейтеді деген пікірде.  

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бірнеше ондаған жылдан кейін физикалық белсенділіктің болмауынан өлетіндердің саны 1,4-1,5 миллиард адамға жетуі мүмкін", — деп жазылған мақалада.

Ең көп зардап шегіп жатқан дамыған елдердің тұрғындары – АҚШ-тың  40%-ға жуық тұрғыны және Ұлыбританияның 36% азаматы.

Ғалымдар адамның тағдыры маңдайына жазылатынын дәлелдеп шықты

Ғалымдардың жүріс-тұрысы аз өмір салтына байланысты дабыл қаққанына көп болды, алайда 2001 жылдан бастап жағдай нашарлай бастады. Адамдар жаяу жүруді қойып, көп уақытты үйде өткізіп, спортпен аз айналысатын болды. Сонымен қатар, адамзат зиянды азық-түлікпен тамақтанып жүр. 

Жаңалықтар
0