АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Air Astana ұлттық әуе компаниясының Алматы-Тбилиси бағытындағы ұшағы Ақтау әуежайына шұғыл түрде қонды, деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы.
Басылымның хабарлауынша, оқиға ауа райының қолайсыздығынан болған. Ұшақта жүргізілген тексеріс нәтижесінде бірқатар техникалық ақаулық анықталды. Жолаушылар Тбилисиге жету басқа ұшақты күтуге мәжбүр.