Қоғам

Литвада қазақстандық дипломаттың мас күйінде ұсталуы: СІМ жауап берді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖүргізуші
Жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл дерек расталса, елшіліктің ұсталған қызметкері ұзақ мерзімді сапарынан елге қайтарылады

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Литвада қазақстандық дипломаттың мас күйінде көлік айдағаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Кісеннің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда жоғары лауазымды дипломат ұсталды

Әкімшілік-техникалық бөлім қызметкерінің ұсталғаны туралы мәлімет "Обзор" басылымында шыққан. Портал жазғандай, ер адамның мас болу деңгейі 1,40 промилле екен.

Литваның әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі бойынша мас күйінде көлік айдау үшін 800-1100 еуро айыппұл салынады.

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы бұл оқиғаның мән-жайын этика бойынша уәкіл анықтап жатыр деп мәлімет берді.

Дерек расталса, қызметкер шетелдегі ұзақ мерзімді сапарынан қайтарылады.

Жаңалықтар
0