АСТАНА, 7 қыркүйек— Sputnik. Жапонияның Хоккайдо аралында жойқын жер сілкінісі болды, 16 адам қаза тауып, 300-ден астамы жарақат алды.
РИА Новостидің NTV (Nihon Television Network) телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, Ацума елді мекенінде жер асты дүмпулері 7 балға жетіп, бірнеше рет көшкін жүрді. Іздестіру-құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты.
Жер сілкінісі салдарынан жаңа Читоза әуежайына зақым келіп, уақытша жабылды. Мұнда барлық рейс кейінге қалдырылды.