Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 қыркүйек

CC0 / Pexels / Қыз кітап оқып отыр
Қыз кітап оқып отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 251-ші күн. Жыл соңына дейін 114 күн бар

8 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

8 қыркүйек әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгінде сауатты болудың үлкен артықшылық екенін өзгелерге айтып жатудың еш қажеті жоқ. Себебі, сапалы білімсіз инновациялық технологиялар болмас еді. Сондай-ақ, қоғам жетістіктерге жетпес еді. Бүгін халықаралық сауаттылық күнін атап өтуіміз бекер емес. Бұл күн адамзат үшін маңызды мерекелер қатарына қосылған. 

Сондай-ақ, бүгін әлем жұрты халықаралық журналистердің ниеттестігі күнін атап өтіп жатыр. Мереке 1958 жылы Бухаресте өткен IV журналистердің халықаралық ұйымы конгресінде белгіленді. Конгресс депуттаттарының пайымдауынша, бұл күні әлем журналистері өздерінің бірлікте екендерін танытулары тиіс. Әсіресе, өздерінің құқықтарын қорғау мәселесіне келгенде. Аталған күннің белгіленуіне 1943 жылы 8 қыркүйекте Германияда болған қайғылы оқиғалар себеп болды. Сол күні чехословакиялық журналист, жазушы-антифашист Юлиус Фучик өлім жазасына кесілді.

Ал бүгін кешке отбасы мүшелерімен мерекелік дастархан жаятын күн. Жақындарыңызбен, достарыңызбен, мысығыңызбен немесе күшігіңізбен отырсаңыз да, бұл уақытты кіммен бірге өткізетіңіз маңызды емес. Ең бастысы — бүгін асүйде отырып бір аптаға күш жинау, жақсылап тамақтану.

8 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1636 жылы АҚШ-та Гарвард университеті құрылды;

1923 жылы зағип жандардың бүкіл ресейлік қоғамы құрылды;

1930 жылы скотч жабыстырғыш лентасы сатылымға шықты;

1941 жылы Ленинградты қоршау әскери операциясы басталды;

1952 жылы Эрнест Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" атты повесі алғаш рет басылып шықты.

8 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1824 жылы Қарағанды облысының ең көне қаласы Қарқаралы құрылды;

2007 жылы Жиренкоп Хобдинский поселкесінде Қобыланды батыр мемориалдық кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті;

1934 жылы "Теміржолшы" және "Железнодорожник Казахстана" газеттерінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты;

1993 жылы Алматыда Қожа Ахмет Ясауидің "Ақыл кітабы" ("Диуани хикмет") қазақ тілінде жарыққа шықты;

1994 жылы республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан даму банкі құрылды;

2000 жылы Алматыда Қазақстанның тұңғыш президентінің 60 жылдық мерейтойына арналған "Болашаққа сеніммен" атты фотоальбомның тұсаукесер рәсімі өтті;

2004 жылы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды;

2005 жылы Астанада үкiметтiк емес ұйымдар ұлттық ақпараттық қор орталығының және оның ресми сайтының таныстырылымы өтті;

2009 жылы Алматы мен Астана қалаларында "Үндістан мәдениеті мен асханасы" атты фестиваль өтті;

2012 жылы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова Бельгияның Брюссель қаласында өткен "Гауһар лигасында" жеңіске жетті;

2015 жылы "Қазпошта" АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды.

8 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар

1157 жылы Англия Королі (1189-1199 жж.) Арыстан Жүрек Ричард І дүниеге келді;

1812 жылы Петербургтың бірінші сұлуы, А. С. Пушкиннің әйелі Наталья Гончарова дүниеге келді;

1919 жылы кеңес кезіндегі театр мен кино актрисасы Людмила Целиковская туды. ("Иван Грозный", "Антон Иванович сердится", "Сердца четырех");

1971 жылы "Шерлок Холмс" ағылшын телехикаясында дәрігер Ватсонның, "Хоббит" фильмінде Бильбо Бэггинстің рөлін сомдаған британ актер Мартин Фримен дүниеге келді.

8 қыркүйекте Қазақстанда кімдер өмірге келді

1936 жылы тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Хисмет Табылдиев дүниеге келді;

1936 жылы әскери және саяси қайраткер, отставкадағы генерал-майор, журналист, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Мұрат Қалматаев дүниеге келді;

1951 жылы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин туды;

1962 жылы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Серік Нөгербеков дүниеге келді;

1966 жылы қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы Лев Тараков туған;

1967 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Азат Перуашев дүниеге келді;

1970 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі Дәурен Дияров дүниеге келді;

1923 жылы белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Арыстандар үшін көлік сатып алып, үйді жөндеу үшін таптырмас күн. Сондай-ақ, бұл жұлдыз иелерінің денсаулығы сыр беруі мүмкін. 

 

Жаңалықтар
0