Саясат

Тоқаев жаңа сессияда сенаторлар немен айналысатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат төрағасы президенттің бес әлеуметтік бастамасының сапалы жүзеге асуы депутаттардың бақылауында болатынын атап өтті

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сенаторлардың жаңа сессиядағы жұмысына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Өз сөзіме жауап беремін" Тоқаев Назарбаевқа қатысты айтқан сөзін түсіндірді

"Елбасы парламенттің жаңа сессиясын ашып, депутаттық корпустың алдында тұрған негізгі бағыттарды айқындап берді. Біздің алдымызда тұрған айнымас меже айқын, яғни елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жолында аянбай еңбек етіп, кешенді шаралардың орындалуын заң тұрғысынан қамтамасыз ету. Президент жариялаған бес әлеуметтік бастаманы сапалы түрде жүзеге асырудың маңызы ерекше. Олардың орындалуы біздің үнемі бақылауымызда болуы тиіс", — деді Тоқаев сенат отырысында.

Спикер Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі жақсартып, ел экономикасын дамыта түсуді көздейтін жұмыстарды орындау депутаттарға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

"Сіздер өңірлерге барып, халқымызды толғандырып отырған мәселелерді зерделеп қайттыңыздар. Бұл біздің алдымызда тұрған ауқымды міндеттерді орындау бағытындағы жұмыстарға аса қажет. Сессия барысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартып, тұрғын үй қатынастарын реттеуге, отандық туризмді жақсартуға, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға бағытталған заң жобалары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі", — деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, сенаторлар құқық қорғау жүйесін реттейтін заңдарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны

"Сонымен қатар, қылмыстық заңнаманы экономикалық қызмет саласында әрі қарай ізгілендіруді көздейтін заңнамалық түзетулердің топтамасын қарастыратын боламыз. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында тарихи және киелі нысандарды тиімді дамытуға және қорғауға бағытталған заң жобасы да сенаттың күн тәртібінде болады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, таяу уақытта Парламент қарауына қайта құрылған әкімшілік аймақтардың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары енгізіледі. Депутаттық корпус Елбасы айқындаған маңызды міндеттерді табысты орындау жолында үкіметпен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс істейді деп сенемін", — деп қорытты сөзін сенат төрағасы.

Жаңалықтар
0