АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Астанада демалыс күндері тыныштық сақтау туралы ереже енгізу ұсынылды.
Бұл бастама қалалық әкімдікте өткен отырыста айтылды. Жиында қала әкімі Әсет Исекешев "Астана – қолайлы және қауіпсіз қала" бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарын баяндады, деп хабарланған ресми сайтта.
Исекешевтің хабарлауынша, тұрғындардың көптеген өтініші бойынша ішкі істер департаментінің демалыс күндері толық тыныштықты қамтамасыз ету бойынша ұсынысы қарастырылады. Германияда осындай тәжірибе бар екен. Ол бойынша жөндеу жұмыстарына және кез келген басқа да шуға тыйым салынады, сондай-ақ, түнгі уақытта бірінші қабаттарда орналасқан дәмханалар мен мейрамханалардың нақты жұмыс регламенті бекітіледі.
Бұдан бөлек, қолданыстағы шаралармен қатар оперативтілікті жоғарылату үшін жаңа технолгияларды қолдану өту қажет, деді қала әкімі. Астанада елдегі ең үздік техникалық инфрақұрылым жабдықталған. Ең маңызды қадам қаладағы барлық камераларда жасанды интеллект негізінде тұлғаның түр-әлпетін тану жүйесін енгізу болып табылады. Әкімдіктің өкілетті органы Есіл сауда үйінде пилотты жобаны іске асыруда. Алдағы уақытта жобаны қаланың барлық автобусында, әуежайда, вокзалда, ірі дүкендерде іске асыру жоспарланған.