Қоғам

Жас отбасылар мен мұғалімдерді баспанамен қамтитын ілкі жоба іске қосылды

© Photo : ming daiЕсік
Есік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің баспана мәселесі шешуді көздейтін арнайы жоба жасалды

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы жарна 20-дан 10 пайызға төмендетілді, деп хабарлады "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ.

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25": Депутаттар Шымкент үшін ипотека мөлшерін көтеруді сұрады

"Баспана" Ипотекалық ұйымы жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне қаржылық жүктемені азайту мақсатында "Жас арман" және  "Қамқор баспана" өнімдерін әзірледі. Өнімдер "Баспана" және жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастыққа негізделіп, аталмыш санаттағы азаматтарға "7-20-25" ипотекасының алғашқы жарнасын екі есеге азайтуды қарастырады. 

Жергілікті атқарушы органдар  облигациялар шығарады және халықтың аталған санаты үшін бастапқы жарнаның жартысын субсидиялауға міндеттеледі. Ал "Баспана" әкімдіктер облигацияларын сатып алып, "7-20-25" бағдарламасына қатысатын банктер арқылы халықтың осы санатын кредиттеуге күш салады.

Назарбаев мәжілісте баспана мен жалақы мәселесін сөз етті

"Біз "7-20-25" бағдарламасына жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қатысуына орасан зор мән береміз. Оларға алғашқы жарнаны жинау қиын екені жөнінде көптеген пікір келіп түсті. Сол себепті, барынша қолдау мүмкіндіктерін қарастырдық. Мұндай әлеуметтік шешімдерді іске асыру үшін әкімдіктер тарапынан  қолдау күтеміз", — деді  "Баспана" Ипотекалық ұйымының басқарма  төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Гранд Астана тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы: шарттары мен ережелері

"Жас арман" және "Қамқор баспана" өнімдері бірінші болып Шымкент қаласында пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Тараптар тиісті меморандумға 2018 жылдың 3 қыркүйегінде қол қойған болатын. Меморандумға сәйкес Шымкент әкімдігі қайтарымды негізде бастапқы жарнаны субсидиялау үшін ағымдағы жылы 500 миллион теңге және 2019 жылы 1,5 миллиард теңге бөледі. Әкімдіктің қолдауы 2 мыңға жуық жас отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлерін қамтиды деп жоспарлануда.

Жаңалықтар
0