Саясат

Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы лауазымынан босатылды

© Photo : primeminister.kzЕркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен босатылды
Еркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен босатылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әзірге Еркін Оңғарбайұлының қызметінен кетуіне не себеп болғаны белгісіз

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Партада отырған баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Мұғалім оқушыларды мазақ қылғаны үшін директор жұмыстан қуылды

Еркін Оңғарбаев бұл лауазымды 2017 жылдың 4 желтоқсанында иеленген еді. Әзірге оның қызметтен кетуіне не себеп болғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының "ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 28.06.2018 жылғы №707 жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды.

Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

 

 

Жаңалықтар
0