Мәдениет

Танымал әнші журналистикаға бет бұрды

© https://www.instagram.com/ibragimovserik/?hl=ruДимаш Құдайберген мен Серік Ибрагимов
Димаш Құдайберген мен Серік Ибрагимов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ешкім ешкімнің нанын тартып жеп жатқан жоқ, дейді Ғаділбек Жанай

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Жұлдыздар youtube желісінде кезек-кезек арна ашып, бағдарламаларының тұсауын кесіп жатыр. Енді міне әдеттегідей әншілер біреудің нанына таласуды бастап, олардың қатарын Серік Ибрагимов толықтырды. Бұл туралы Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.

Қайрат Нұртас келіншегімен - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қайрат Нұртастың әйелі бағдарлама тізгінін ұстады

Белгілі әнші журналистикаға бет бұрып, авторлық бағдарламасын ұсынатынын хабарлады. Сондай-ақ, ол бағдарламасының басты ерекшелігі тек қазақ тілінде жүргізілетіндігі екенін жеткізді.

"Боғауыз сөздермен сипаттауға болатын, орысша бағдарламалар өте көп. Уoutube желісінде орысша сөйлегендердің ғана рейтингі жоғарылап жатыр. Сондықтан қазақша сөйлеп, қазақ тілінде сұхбат алып, әзілдесуге болады. Боқтаудың еш қажеті жоқ. Ойын ойнап, күліп дегендей. Мұны осындай оймен ғана жасап жатырмын", — дейді Серік Ибрагимов.

Әншіні әріптестері де қоштай түсіп, қолға алған ісіне табыс тіледі.

"Серік бауырымызды халық жақсы көреді. Міндетті түрде оның қолға алғаны алға басады деп ойлаймын", — дейді Жігер Ауыпбаев.

Ал Ғаділбек Жанай әншілердің журналистика саласына бет бұрғанына еш таңғалудың қажеті жоқ екенін айтып өтті.

Роза Рымбаева неліктен фонограмма қолданбайтынын түсіндірді

"Өзім ақын жігіттердің ән айтқанын көрдім. Радио жүргізушісінің асаба болып кеткенін көрдім. Әншінің актер болғанын көрдім. Жігітке жеті өнер де аз дейді. Әдемі жеткізе білсе ода тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ешкім ешкімнің нанын тартып жемейді", — дейді ол.

Жаңалықтар
0