Қоғам

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жұрттың ашуын келтірді - видео

© AFP 2024 / ROBERTO SCHMIDTЖас жұбайлар тойы
Жас жұбайлар тойы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары шетел азаматына тұрмысқа шығатын қыздарға қатысты заң қабылдауды ұсынды

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Италия азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы қоғамның қызу талқысына түсіп, жұрттың ашуын келтірді. Десе де, арасында бойжеткенді жақтап сөйлеп, бақыт тілегендер де бар.

жас жұбайлар - Sputnik Қазақстан
Психолог: қыздардың шетелдікке тұрмысқа шыққаны балаларына жақсы

Әлеуметтік желіге видеоның үзіндісі ғана жарияланғандықтан, бойжеткеннің кімге алғыс айтып тұрғаны белгісіз. Сөздерінен бір адамды ғана меңзеп тұрғаны байқалады. Желі қолданушыларының топшылауынша ол бұл сөздерді видео түсірген азаматқа айтып тұр. Яғни видеоны той өткен мейрамхана басшысы жарнама ретінде түсірген болуы мүмкін.

"Көп-көп рахмет! Той керемет өтті. Біз өте қуаныштымыз. Сіздің осы тойды өткізгеніңіз үшін қуаныштымыз. Сізге ризамыз және үлкен рахметімізді айтамыз. Осылай жұмысыңыз өсе берсін. Тойларда құтты қонақтарды қарсы алып, шығарып салып жүре беріңіз. Ісіңіз сізге дәм әкелсін", — дейді қазақ қызы.

Кейін оның сөздерін сүйіктісі жалғап, ол да тойдың жоғары деңгейде өткеніне назар аударады. Италян тілінде сөйлеген сүйіктісінің сөздерін бойжеткен аударып береді.

"Барлығы өте жоғары деңгейде өтті. Әдемі, керемет, таза және әрі қарай да осылай жалғаса береді деген ойдамыз", — дейді ол.

Видеоның тұсына әлеуметтік желі қолданушылары қазақ қыздарының шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуына қарсы екендерін жазып жатыр. Арасында қазақ қыздары үшін таңдау жасамауды өтінгендер де болды.

"Кетемін деген қызды ұстамау керек. Бақытты болсын", "Арсыз екен! Қай жақтың тумасы болса, сол жаққа құлдыққа бара жатыр-ау. Жаным ашиды", "Қайдағы құлдық? Күйеуге шығып барады", "Мұсылманға шыққаны дұрыстау болар еді. Өз еліне, жеріне және ата дініне балта шауып тұр ғой. Қайран қазағым-ай. Мен әркез, өле-өлгенше Қазақстанымды мақтан етемін", "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген сөз бар. Жыныма тиіп тұр. Кәпірге күйеуге шыққанын мақтан тұтпай-ақ кете бермеді ме" деп жазды желі қолданушылары.

Аталған видеоны бүгінде жүзге жуық адам бөлісіп, мыңнан астам қолданушы пікір қалдырған.

Жаңалықтар
0