Қоғам

Астанада қайықпен жүзгендердің ісі бойынша тың дерек шықты

CC0 / PaulineLB / Ескек
Ескек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімшілік сот заң бойынша үш күн ішінде іс материалын қалалық сотқа жіберуі тиіс

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Адвокат Сергей Сизинцев "елордалық қайықшылардың" ісіне қатысты тың деректермен бөлісті.

Резеңке қайықтағы адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жаңбырда қайықпен жүзген жігіт неліктен олай істегенін айтып берді

Нөсер жаңбыр жауып, Астананы су басқан күні қайықпен жүзген Жандос Садыбек пен Дмитрий Кириллов сот шешіміне шағып түсіріп, ұсақ бұзақылық ретінде салынған айыппұл туралы қаулының күшін жоюды көздеп отыр.

"Кеше қаулыға түсірілген шағымдар Астана қалалық сотына жіберілді. Әкімшілік сот материалдарды қалалық сотқа үш күн ішінде жіберуі тиіс. Шағымды қалалық сот іс түскен бойда он күн ішінде қарайды", — деп мәлімет берді адвокат Сергей Сизинцев Sputnik агенттігіне.

Астанада нөсер жаңбыр күні қайықпен жүзген жігіттер қалай жазаланды

Елордалық тұрғындар нөсер жаңбырдан кейін қайық мініп жүземіз деп бүкіл Қазнетке танымал болды. Полицейлер жігіттердің бұл әрекетін "ұсақ бұзақылық" деп қарастырып, әрқайсысына 12 мың 025 теңге (33 доллар) айыппұл салған.

Олардың адвокаты Сизинцев бұл жайтты бұзақылық деп қарастыру дұрыс емес дейді. Қорғаушының сөзіне сүйенсек, жігіттердің арам ойы болмаған.

Жаңалықтар
0