Өңірлер

Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі

Жазылу
Төлем қабілеті мақұлданған азаматтар әкімдіктен 1 миллион теңге пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. "Баспана" АҚ төрағасы Қайрат Алтынбеков жұмыс сапарымен Шымкент қаласындағы құрылыс аймақтарын аралады, деп хабарлайды kz.otyrar.kz басылымы.

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін үй салынады

Төраға Шымкент қаласындағы құрылыспен танысып, жекеменшік құрылыс компаниясы басшыларымен кездесу өткізіп, "7-20-25" бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлер туралы мағлұмат алды.

Басылымның жазуынша, Шымкентте осы тұрғын үй бағдарламасымен үй алғысы келетіндер аз екен. Неге екенін анықтау үшін келген Алтынбеков әкімдікпен меморандум жасасты.

қаласында тұрғын үй кезегінде 36 мыңнан астам азамат болса да, "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алуға небәрі 21 адамның өтініші мақұлданған.

Меморандум бойынша бұдан былай төлем қабілеті мақұлданған азаматтар 1 миллион теңге пайызсыз несие ала алады. Оны әкімдік беретін болып шешілді.

Жаңалықтар
0