Әлем

Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтучемодан
чемодан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос ғашықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 3 қыркүйек  Sputnik. Түрік шекарашылары қызды чемоданға салып өтпек болған 24 жастағы Грузия азаматын ұстады. Бұл туралы "Новости-Грузия" басылымы жазды.

Жағдай "Сарпи" өткізу пунктінде болды. Шекарашылар кеден мен паспорт тексерісінен өтіп келе жатқан жас жігіттің үлкен чемоданына назар аударады.

Психоаналитик адамдардың нағыз махаббатты қанша жаста сезінетіндерін айтты

Кейін чемоданды ашып қарағанда ішінен әйел адам шығады. Ол — 27 жастағы Өзбекстан азаматы. Агенттіктің хабарлауынша, оған Түркияға кіруге тыйым салынған.

Дәл қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Жаңалықтар
0