Қоғам

Қазақстанда алғаш рет педофил химиялық жолмен піштіріледі

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚылмыскер, архив сурет
Қылмыскер, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот шешімі негізінде пациентті химиялық жолмен піштіру туралы алғашқы өтінім түскен

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда педофилді химиялық жолмен піштіру туралы алғашқы шешім шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мемлекеттік органдар химиялық кастрация жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерді химиялық жолмен піштіру туралы заң күшіне енген еді. 

"Биыл 1 қаңтарда денсаулық сақтау министрінің химиялық кастрацияны қолдану ережелері күшіне енді. Оған сәйкес сот шешімі негізінде кастрация шаралары жүргізіледі. Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Бүгінде сот шешімі негізінде химиялық жолмен піштіру туралы бір өтінім келіп түсті", — деді Ақтаева үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Баланы зорлап, өлтірген үш азғын халық алдында жазаланды

Вице-министр химиялық кастрация республиканың қай өңірінде жасалатынын айтудан бас тартты. Оның айтуынша, химиялық піштіруге 9 миллионнан астам теңге бөлінген. 

"Алғаш рет химиялық кастрация жасауға өтінім түсті. Екі мыңнан астам инъекцияға қаржы бөлінді", — деді ол.

Абай ауылының тұрғыны бала күнінде зорланғанын айтып берді

Жаңалықтар
0