Қоғам

Назарбаев мемлекет басшыларына латын әліпбиі неліктен маңызды екенін айтты

© Sputnik / Айгюзель КадирЛатын қарпіндегі қазақ әліпбиі
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы Қырғызстандағы түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде сөз сөйледі

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің латын әліпбиіне көшуіне байланысты түсініктеме берді. 

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады

Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген әліпбиді қолдану туралы шешім түркі халықтарын жақындастырады деп есептейді. Ол өз пікірін Қырғызстанда өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде білдірді, деп хабарлады РИА Новости.   

Қазақстан лидері өз сөзінде Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық өзара дамуға қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіздік пен санкциялар саласындағы қауіп-қатерлер түркі әлемін де айналып өткен жоқ.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуі тиіс.  

Жаңалықтар
0