Қоғам

Павлодарлық бірінші сынып оқушысы әлеуметтік желіде жұлдыз болды – қызықты видео

CC0 / svklimkin / Баланың қолындағы қоңырау
Баланың қолындағы қоңырау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарлық биші оқушының видеосы Желіде жылдам таралып кетті

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Ролик нөмірі 16-шы Павлодар лицейінде Білім күніне арналған салтанатты сап түзеу кезінде түсірілді.

Видеода бір қатарға тізілген оқушылардың алдында би ұжымы өнер көрсетіп жатқаны көрінеді. Алайда балалардың бірі орнында тұра алмай, бишілер тобына қызу қолдау көрсетеді. Оның сыныптастары көңілді әуенді елемей, бір орында тұра берген.

"Типичный Павлодар" аккаунтында жарияланған видеоға желі қолданушылары көптеген жақсы пікір білдіріп, "шын жүректен қуанып, көңіл көтеріп жатқанына қарағанда мектепте қандай сынақ күтіп тұрғанын әлі білмейтін болар" деп қалжыңдады.  

"Өте көңілді бала екен. Супер, керемет. Қыздар да әдемі", — деп жазды қолданушылардың бірі.

"Мектепті кім сағынғаны әп-сәтте көрініп қалды", — деп тағы бір қолданушы қалжыңдады. 

Қызықты видеоны 80 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді. 


Жаңалықтар
0