Қоғам

Астанада маса шаққан жас келіншек ауруханада көз жұмды

© Photo : Pixabay / Freeimages9маса
маса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұм келіншектің туыстары дәрігерлердің айтқанына сенбей отыр

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik, Кенжекей Тоқтамұрат. 28 жастағы Астана тұрғыны Мақпал Еспенбетова маса шағып, көзі ісіп кеткен соң бірінші қалалық ауруханаға барады. Бірақ дәрігерлер укол салған соң келіншек тіл тартпастан қайтыс болады. Ауруханадағылардың алдын ала қорытындысы бойынша ол анафилактикалық шоктан көз жұмған. Бірақ марқұмның туыстары тәуелсіз сараптама жүргізіп, дәрігерлердің айтқанына сенбей отыр. 

Мақпал Еспенбетованы бүгін туған-туысы Семей қаласында жерлеп жатыр. Болған жағдайдың мән-жайын Sputnik тілшісіне Мақпалдың жақын құрбысы Бибен Жүнісова айтып берді. Бибен Мақпалды маса шаққан күні де, ауруханаға барған күні де қасында болған екен. 

БМВ ағашқа соғылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі әйел ауруханада жатыр

"2018 жылы 30 тамыз күні құрбым Мақпал екеуміз дипломатиялық қалашыққа бардық. Ондағы мақсатымыз – құрбым жуырда ғана көлік алған еді. Сол ауданда көлік азайған соң, ол машинасын жүргізіп үйренгісі келген. Сол жерде Мақпалдың бір көзін маса шағып алды. Кәдімгі күнде өзіміз көріп жүрген маса. Көзі ісіп кетті", — дейді Бибен Жүнісова. 

Марқұм 31 тамыз күні таңертең құрбысы Бибенге көзінің суретін жіберген. Бибеннің айтуынша, көзінің ісігі сәл басылса да, Мақпал дәрігерге барғалы отырғанын айтыпты. 

"31 күні таңертең құрбым маған көзінің суретін жіберді. Ісігі сәл қайтқан, бірақ ол бәрібір дәрігерге барып, консультация алғысы келді. Сөйтіп, 31 тамыз күні күйеуі екі баласымен Мақпалды Қошқарбаев көшесі, 66 мекен жайындағы Астана қалалық 1 ауруханаға алып барды. Маған бара жатқандарын айтты. Таксикология бөліміне барып, кезек алды. Жолдасы мен екі баласы көлікте күткен. Кезек көп болған соң, әрі балалардың мазасы кеткен соң жолдасы балаларды үйіне алып кеткен. Балаларын үйге қалдырып, қайта ауруханаға келе жатқанда оған "әйеліңіз қайтыс болды" деген хабар келген", — дейді марқұмның құрбысы. 

"Науқас маса шаққаннан көз жұмды" 

Бибен Жүнісова ауруханаға келгенде марқұм Мақпалдың денесі суып кеткен екен. Дәрігерлер Мақпалдың күйеуі мен құрбысына "ол анафилактикалық шоктан" қайтыс болды деген. 

Перзентхана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жас босанған әйелдер көз жұмған босандыру бөлімі уақытша жабылды

"Мен кіріп, марқұмның денесін ұстағанда, мұздап кеткен. Аузында түтікшелер жатты. Дәрігерлер оған "Преднизолон" деген препарат салдық деді. Бірден айта кетейінші, Мақпалдың негізі аллергиясы бар. Сондықтан да ол маса шаққан соң өздігінен емделмей, дәрігерге барған. Дәрігерге ескерткен екен, бірақ қандай да бір укол салуға рұқсат бермеген. Оның өліміне қатысты толтырылған қағаздарды бірақ көрдім. Ол еш жерге қол қоймаған, аурудың тарихы бос. Содан мен бірден оған укол салған дәрігерді де, оның көмекшісін де бейнеге түсіре бастадым", — дейді Бибен Жүнісова. 

Бибеннің айтуынша, дәрігерлер өздерін кінәлі сезінбеген және болған жағдайды тез "жуып-шайғысы" келген. Бибен кіріп, құжаттарды қарай бастағанда, дәрігерлер жиналып, басқа жақтан толтырылған құжаттарды әкелген.

"Бізге берген анализ парақшасында "науқастың салмағы 71 кг, ер адам" деп жазылып тұрды. Мақпалдың салмағы небары 54 кг. Дәрігерлер укол салғаннан кейін ол құсып, қысымы түсіп кеткен де тіл тартпай қайтыс болған. Енді бізге берген қорытынды құжатта "науқас маса шаққаннан кейін көз жұмды" деп жазылып тұр", — дейді Бибен Жүнісова. 

Тәуелсіз сараптама марқұмның дені сап-сау болғанын көрсетті

Мақпалдың туған-туысы оны мәйітханада өздері апарған тәуелсіз сарапшының тексергенін талап еткен. Алайда, қалалық мәйітхана оған келіспей, оның денесін бермей, 14 сағат күттірген. Бірақ, заңгердің арқасында Мақпалдың мәйіті тәуелсіз сарапшының қолына тапсырылған екен. Қорытынды Мақпалда ешқандай патологиялық ауру болмағанын айтқан. 

"Мәйітханаға келесі күні таңғы 08.00-де барғаннан түнгі 22.00-ге дейін Мақпалдың денесін ала алмай жүрдік. Заңгер келген соң ғана денесін қайтарып, біз тәуелсіз сараптама жүргіздік. Мақпал масаның шаққанынан қайтыс болатындай еш жері ауырмағанын көрсетті. Сондықтан, біз Мақпалға ауруханада дұрыс укол салынбай, соның салдарынан көз жұмғанына сенімдіміз. Ішкі істер департаментіне арыз жазып, әділ тергеу жүргізілуін талап еттік. Енді прокуратураға да арызданамыз", — дейді Бибен Жүнісова.

Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, медициналық қорытынды – анықталмаған шок. Әйел адамның қазасына не себеп болғанын анықтау үшін ұлпаларды қосымша зерттеу, препараттарға токсикологиялық сараптама жүргізу қажет.

Нәресте, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

"Осы нәтижелерді алған бойда өлімінің нақты себебі белгілі болады", —деп хабарлады вице-министр.

Ақтаева атап өткендей, ережелерге сәйкес, кез келген медициналық процедураны жүргізгенде науқастан жазбаша рұқсат алынады.

Марқұм болған келіншектен жазбаша келісім алынды ма, жоқ па – медициналық құжаттарды тексеру барысында анықталады.

"Жолдасы бірнеше рет есінен танды, ал қызының жүрегі ауырады"

Бибен Жүнісова құрбысының бүгін Семей қаласында жерленіп жатқанын айтты. Мақпал үйіндегі жалғыз қыз болған екен. Оның артында 8 жастағы ұлы мен 6 жасар қызы қалды. 

"Күйеуі бұл қайғыға сенбейді. Бірнеше рет есінен танып, қайғыдан қарс айырлғалы жүр. Екі баласына айттық. Қызы шала туған еді, осы қараша айында жүрегіне операция жасау керек. Айдың күннің аманында екі баланың анасы маса шаққаннан қайтыс болды дегенге кім сенеді!?", — деп қынжылды Бибен Жүнісова.

Жаңалықтар
0