Қоғам

Бүгін Қазақстанның кей облыстарында үсік жүреді

CC0 / / үсік, ауа райы
үсік, ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірнеше облысында найзағай ойнап, қатты жел соғады

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Sputnik "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 30-ға тарта адамды үсік шалды

Түнгі уақытта республиканың солтүстігінде, орталығында жаңбырдың соңы қарға ұласып, найзағай ойнайды және екпіні қатты жел соғады. Күндіз шығыста бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Сондай-ақ, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте, солтүстік-батыс пен орталықтың кей жерлерінде түнде үсік жүруі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Меккеде қажылық кезінде дауыл тұрды

Күндіз Атырау облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі бар. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде —3 градус үсік жүреді.

Жаңалықтар
0