Саясат

Президент кезекті Жолдауы не туралы болатынын айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде
Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында сауда соғыстары, геосаяси жағдай, техникалық прогресс жайы көтеріледі

АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдауында қандай мәселелер қозғалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Монета - Sputnik Қазақстан
Саясат
Мемлекет басшысы бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырды

"Біз сіздермен аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп жатырмыз. Біз бұдан да табанды шараларды қолға алуымыз қажет. Бұл туралы жуырда менің халыққа Жолдауымда айтылады. Қазір болып жатқан сауда соғыстары, әлемдегі және айналамыздағы геосаяси жағдайдың өзгеруі, техникалық прогресс – мұның барлығы экономиканың барлық саласына мүлдем жаңа міндеттер жүктейді. Біз сіздермен бұл мәселелерді жақын арада талқылап, шешетін боламыз", — деді Елбасы VI сайланған парламенттің төртінші сессиясының ашылуында.  

Президент халықтың әл-ауқатын көтеру жолында депутаттарға зор жауапкершілік артылатынын атап өтті.

Назарбаев жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы он есеге азайғанын айтты

"Бүгін мен атап өткен жұмыстардың барлығының түпкі межесі – елдің тұрмыс-тіршілігін жақсартып, ары қарай дами түсу. Осы мақсатқа жетуіміз экономикалық-саяси, әлеуметтік, рухани бірлігіміздің мызғымауына тікелей байланысты. Бұл орайда халық қалаулыларына да зор жауапкершілік жүктеледі. Елдің үдесінен шығып, Қазақстанды тұрақты және қарқынды дамыту жолында жемісті жұмыс істейтіндеріңізге сенемін. Бәріңізді кезекті парламенттік сессияның ашылуымен тағы да құттықтай отырып, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Іске сәт!", — деп түйіндеді сөзін Назарбаев.


Жаңалықтар
0