Саясат

Елбасы Шымкентті дамытуға қатысты тапсырма берді

Жазылу
Жақында жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің толыққанды жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары парламент қарауына енгізіледі

АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке оңтүстік өңірдің дамуын назардан тыс қалдырмауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты

"Шымкентке республикалық маңыздағы қала мәртебесі берілді. Жаңадан Түркістан облысы құрылды. Үкімет пен министрліктер облыс орталығының қалыптасуы мен құрылысына назар аударуы керек. Қазақстан бизнесі де бұл жұмысқа атсалысқаны жөн. Мен өзім де сол жаққа барып, мәселелерді талқыламақпын. Жақын арада дамыған жаңа облыс орталығы, экономика мен бизнесіміздің жаңа өсім нүктесі пайда болатынына сенімдімін", — деді Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Президент облыс орталығының Түркістанға көшірілуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да аса маңызы бар екенін атап өтті. 

"Ол – еліміздің ең киелі жерлерінің бірі. Тарлан тарихымызда талай тағдырлы шешімдер осында қабылданған. Есімдері ел тарихында мәңгі жазылған біртуар тұлғаларымыз осында жай тапқан. Халық тығыз қоныстанған тұтас оңтүстік өңірдің дамуы жаңа облыс орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан үкімет пен әкімшілік бұл жерде тығыз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген Шымкенттің тыныс-тіршілігі де назарда болмауы тиіс",- деді Елбасы. 

Сағынтаев түркістандық шенеуніктерді Назарбаев келеді деп қорқытты 

Назарбаевтың айтуынша, жуырда жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің толыққанды жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары парламент қарауына енгізіледі.


Жаңалықтар
0