АСТАНА, 30 тамыз — Sputnik. Қазақстанның байдарка мен каноэде ескек есу командасы Индонезиядағы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ескек есушілеріміз өз шеберлігін дәлелдей білді. К-4 дисциплинасы бойынша Сергей Токарницкий, Илья Голендов, Андрей Дергунов және Евгений Алексеев алтын жүлдегер атанған.
Екінші орында Оңтүстік Кореяның ескек есушілері, ал қола жүлдені ирандықтар алып кетті.
Азиада-2018 Джакарта мен Палембангте (Индонезия) 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.
Сметовты Азиада жарысынан кейін жедел жәрдем алып кетті
Қазақстанның каратэші қызы Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды