АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар зардап шеккен апат туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Жол апаты 29 тамыз күні таңғы 4.30 кезінде Хургада – Каир жолында болған: Қазақстанның 22 туристі отырған жолаушылар автобусы аударылды. Олар Каирға экскурсияға кетіп бара жатыпты.
Жол апатынан зардап шеккен екі қазақстандық Рас-Гариб елді мекеніне жеткізіліп, сол жердегі ауруханада алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді.
Қазақстан консулының көмегімен жол апатынан зардап шеккен екі азамат жедел жәрдем көлігімен Хургададағы "Әл-Мысри" ауруханасына жеткізіледі.
Сыртқы саясат ведомствосы атап өткендей, қалған туристердің жағдайы қанағаттандырарлық. Олар да Хургададағы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерге қаралған соң демалыстарын жалғастырды.
Алматыда әйел адам жұмбақ жағдайда көліктен құлап ажал құшты