Қоғам

Ғалымдар қорқынышты түсті "өшіріп тастаудың" жолын тапты

© Pixabay/WokandapixҰйқы
Ұйқы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар тышқандардағы тез ұйқыға жауап беретін екі генді алып тастаған

АСТАНА, 30 тамыз — Sputnik. Токио университетінің ғалымдары тышқандарда тез ұйқыға шомуға жауап беретін гендерді "өшіріп тастады".

Ұйқы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады

Ғалымдардың ашқан жаңалығы бойынша адам қатты шаршаған кезде ағзасы "өшіп қалғандай" күйге еніп, ұйқыда жатқанда қандай да бір физиологиялық кедергілерсіз жақсы демалып, тынығып тұрады, деп жазады Daily Mail.

Демек, енді кез келген тірі ағза тып-тыныш ұйқыда жата алады – тіпті ешқандай түс, оның ішінде қорқынышты түстер көріп, мазасы кетпейді.

Ғалымдар тышқандардың Chrm 1 және 3 гендерін алып тастап, тез ұйқы фазасын уақытша өшіріп тастау мүмкіндігіне ие болды. Кей теория бойынша бұл фаза адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Дәрігерлер ұйықтауға ең қолайлы уақытты анықтады

Бұл гендерді алып тастау нәтижесінде ми мен бүкіл ағзаның толыққанды тынығуы үшін тез ұйқы фазасы керек емес деген пайымдаулар туындайды. Ғалымдардың теориясы расталып, тышқандар бұл гендерсіз тіршілік ете алатын болса, психологиялық дерттерді емдеудің жаңа әдісі анықталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0