Әлем

Дәрігерлер сушиден уланған ер адамның қолын кесуге мәжбүр болды

© Sputnik / Дмитрий Чеботаев / Медиабанкке өтусуши
суши - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суши жегеннен кейін қарт кісінің алақаны күп болып ісіп кеткен

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Дәрігерлер суши жеп уланған Оңтүстік Корея тұрғынының қолын шынтағына дейін кесті, деп хабарлайды РИА Новости New England Journal of Medicine басылымына сілтеме жасап.

Құтқарушылар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда жас қыз моторлы қайықпен серуендеймін деп қолынан айырылды

71 жастағы ер адамның суши жегеннен кейін 12 сағаттан соң сол жақ алақаны қатты ісіп кетеді. Бұл шикі балықта кездесетін етқоректі Vibrio Vulnificus бактерияларының ағзаға еніп кетуі салдарынан болған. Дәрігерлер қарттың ісіп кеткен қолына дренаж жасап, залалданған ұлпаларды алып тастайды, кейін антибиотик дәрілер жазып береді.

Алайда бұл ем еш нәтижесін бермепті, тағы да дәрігерлерге қаралғанда – уланғаннан кейін 25-ші күні —  ер адамның қолы өліеттеніп кеткені белгілі болды. Сол себепті дәрігерлер қарт кісінің алақаны мен білегін шынтағына дейін кесуге мәжбүр болған.

Vibrio Vulnificus бактериясы (вибриондар) – аса қауіпті ауру қоздырғыштары. Адамның ағзасына шикі теңіз өнімдері арқылы немесе ашық жарақатпен теңіз суына шомылғанда түсуі мүмкін.

Кәуаптың адам ағзасына қандай зияны бар?

Қарындағы майды кетірудің ең ұтымды жолы анықталды

Жаңалықтар
0