АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы демалыс орнында сейсенбі 28 тамыз күні қар жауды.
"2018 жылдың 28 тамызында @shymbulakmountainresort демалыс орнында алғашқы қар жауды. Алдағы демалыста күн жылынады", — деп хабарланды курорттың ресми Instagram парақшасында.
Видеода көрінгендей, тауды қалың қар басып қалыпты. Ал Алматы қаласында ауа температурасы 20 градустай болған еді.
Айта кетсек, Шымбұлақта қардың "мезгілсіз" жаууы – жиі болатын құбылыс. Соңғы рет мамырдың соңында демалыс орнында қапалақтап қар жауған еді.
Алматыда жазға бір апта қалғанда қар жауды — фото
Шымбұлақ – Іле Алатауы етегінде орналасқан тау шаңғысы демалыс орны. Іле Алатауы ұлттық саябағында 2200—2500 метр биіктікте жатыр. Бұл жерде ауа температурасы Алматыдан қарағанда анағұрлым төмен.