Қыздың денесінің 50 пайызы күйіп қалған, балалық шағынан бері пайда болған қорқынышты тыртық енді оның айрықша белгісіне айналып отыр.
Төрт жасар кезінде қыз бала үйде жалғыз қалып, көйлегін тұтандырып алған. От әп-сәтте лап етіп, Света тірідей жана бастайды. Қайғылы оқиғадан кейін екі ай ауруханада комада жатыпты.
"Анам тері доноры болуға тиіс еді, бірақ келмеді, ішкілікке салынған болатын", — деп еске алады Светлана Андреева.
Модель өзіне шығармашылық псевдоним ойлап тауыпты — "шоқ". Жылдар бойы қатарлас балалардың мазағына ұшыраған Света өзін жақсы көруді, ерекше болмысын бағалауды үйренді.
Сүйген адамы оған алғаш рет: "Сен өзгелерге ұқсамайсың. Бұл керемет қой", — деп жігерлендірген көрінеді.
"Ең бастысы — үмітіңді үзбей, өз-өзіңе сенім білдіру", — дейді Светлана өз-өзін қабылдамайтын адамдарға.
Қазір де жас қыз танымал фотомодельге айналған.
Ыдыс жуатын сұйықтық ішіп қойған баланың анасы елден көмек сұрады