Өңірлер

Баланы көрпемен тұншықтырған тәрбиеші неге олай істегенін түсіндірді

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAәйел
әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
50 жастағы әйел баланы тұншықтырғанын мойындап, неге олай істегенін түсіндірді

ҚАРАҒАНДЫ, 28 тамыз – Sputnik. Атышулы видеодағы көрпемен баланы тұншықтырған тәрбиеші кінәсін мойындады. Ол тергеушілерге қызды осылай ұйықтатпақ болғанын айтқан, деп хабарлайды Sputnik. 

ішкі істер департаментіндегілер тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді.  Видеодағы әйел Теміртаудағы балабақшалардың бірінде шын мәнінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Видеоны екінші тәрбиеші биыл мамыр айында түсірген екен, бірақ тек қазір ғана жариялап отыр. 

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Теміртауда жылаған сәбиді тұншықтырған балабақша тәрбиешісі видеоға түсіп қалды

"Видеодағы әйел  — балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін 50 жастағы тәрбиеші, — дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров, — Ол баланы ұйықтата алмағанын, қыздың оны тыңдамай, төсектің үстінде секіргенін айтады. Сондықтан әйел баланы көрпенің астына тығып, солай біраз уақыт ұстап тұрған. Қыздың ата-анасы да табылды, олар тәрбиешінің үстінен арыз түсірді". 

Сотқа дейінгі тергеу 140-бап "Кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бойынша жүріп жатыр. Әйелді қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. 

Бұл қылмыстық бап бойынша бас бостандығынан айыру қарастырылмаған.

Алматы облысында жұмыстан қуылған тәрбиеші өзіне қол жұмсады

Жаңалықтар
0