АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатындағы Джексонвилл қаласында компьютерлік ойыннан жарысқа қатысушы адамдарға оқ жаудыра бастады, деп хабарлады РИА Новости.
Чемпионатқа қатысу үшін Балтимордан келген 24 жастағы Дэвид Кац адамдарға оқ атты деген күдікке ілінді.
Қайғылы оқиға компьютерлік ойындардан жарыс өтіп жатқан барда болған. Кей деректер бойынша, ойыннан жеңіліп қалған геймер ашуға беріліп, тапаншасын алып шыққан. Адамдарға оқ жаудырғаннан кейін, Кац өз-өзіне қол жұмсады.
Полиция оқиға орнынан атыс шығарған жігітті қосқанда үш адамның денесін тапты, тағы 11 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түскен.
Бұл Флорида да болған бір ғана жаппай кісі өлтіру оқиғасы емес. 2018 жылы ақпанда 19 жасар түлек мектепке келіп 17 оқушы мен мұғалімді өлтірген. Ал 2016 жылы маусымда Омар Матин Орландодағы гей-клубқа келушілерді атып тастайды: салдарынан 49 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды. Ол өз-өзін өлтірді.
АҚШ-тағы ең жойқын атыс Лас-Вегаста болды. 2017 жылы қазан айында 64 жастағы Стивен Пэддок музыкалық фестивальге келушілерді ата бастаған. 59 адам құрбан болды, 851 адам зардап шекті. Бұл атқыш та өз-өзіне қол салды.