Өңірлер

Қазақстандық бизнесмен туған ауылына 300 мың долларға сыйлық жасады

© Sputnik / Антон Денисов / Фотобанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жаңа кешенде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Биыл қыркүйек айында ашылу салтанаты өтеді

АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қазақстандық бизнесмен туған ауылына сыйлық тарту ету үшін 116 миллион теңге (322 мың доллар) жұмсады.

Қол ұстасу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Белгілі бизнесмен сарыағаштық 7 жасар бала мен анасын қамқорлығына алды

Түркістан облысында кәсіпкер Отырар ауданы Ақтөбе ауылында кешенін салды. Ғимарат құрылысына 322 мың доллардан астам қаражат кеткен.

Sports.kz порталы жазғандай, кешен әлі қолданысқа берілмепті. Бірақ биыл күзде қыркүйек айында ашылу салтанаты өтуі тиіс. Бизнесменнің осындай тамаша сыйлығы арқасында екі жүздей бала мен ересек адам футбол, бокс, волейбол және күрес секцияларына қатыса алады. 

Облыс чемпионы, боксшы Талғат Құланбайдың айтуынша, бұрын ауыл тұрғындары мектептің шағын спортзалында шынығуға мәжбүр болатын. Ол жаңа спорт кешенінде бұрынғыдан да қарқынды жаттығып, болашақта олимпиада медаліне қол жеткізетініне сенімді.

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі ұсталды

Жаңалықтар
0